ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢ

Статистикалық мәліметтер бойынша Жамбыл облысында көлеңкелі экономиканың үлесі 2022 жылы 25,2 пайызды, 2023 жылы 23,1 пайызды құрады. Егер заңсыз ойын бизнесі көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі болып табылатынын ескерсек, бұл келеңсіз жағдаймен күрес әлеуметтік ортаның әл-ауқатын, халықтың, оның ішінде өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бірі саналады.

«Соңғы 5 жылда департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 фактісі анықталып, 38 қылмыстық іс сотқа жолданды. Өңірдегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің ең көбі Тараз қаласында (17) анықталды. Одан кейінгі орында Шу қаласы (9) мен Қордай ауданы (6) тұр», – дейді Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Дәурен Мамытов. Оның айтуынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша іс қозғалды. «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» деп аталатын бұл баптың бірінші бөлігіне сай, күдіктілердің қылмысы дәлелденсе мүлкi тәркiленiп, 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке (АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға алып келеді. Екінші бөлігі бойынша айыпты азаматтың мүлкі тәркіленіп, 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Үшінші бөлігі бойынша, кінәлінің мүлкi тәркiленiп, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда – мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға не алынған кіріс сомасының 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, 3) тармақта көзделген жағдайларда белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.