spot_img
spot_img

Заң консультанттарының міндеттері мен қызметтері туралы

       Заң консультанттарының міндеттері  мен  қызметтері  Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 05 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңында толық көрініс тапқан.

         Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.

      Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі.

       Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы.

      Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен өзінің атынан заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады.

       Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады.

       Заң консультанты өкіл ретінде әрекет ете отырып:

       заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;

      барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсетуге қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегін көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;

       процестік құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тіркеп алуға;

       заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

          мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;

       заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

       татуластыру рәсімдерін жүргізуге;

       кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға құқықты.

         Заң консультанты:

       1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;

       өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жарналарды төлеуге;

        кәсіптік қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;

       соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;

      клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;

      заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      клиентке заң консультанттары палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;

      клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;

      клиенттің талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;

       егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;

      клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;

       заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;

        өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға;

        кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

       Заң консультантының іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкілеттіктерін өзі мүддесін білдіретін тұлғаға нұқсан келтіре отырып пайдалануына тыйым салынады.

       Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, заң консультантының заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады.

       Заң консультанты, егер:

       клиент пен заң консультантының, оның жақын туыстарының мүдделер қақтығысы болса, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған кезде;

       Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.

Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша

өңіраралық заң консультанттары палатасының төрағасы 

А.Оракбаева

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...