12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тілі бірдің тілегі бір

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып Конституциямен бекітілді. Арнайы Тіл туралы заң бар, оның қолданыс аясын кеңейтіп, өз тұғырына қондыруда мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлініп, ауқымды істер атқарылуда. Мемлекеттік тілді дамыту үшін көптеген қоғамдық ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. Десекте, осы уақытқа дейін мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

Оның себебін, қазақ тілі өзгеге емес, ең алдымен өзімізге керек екенін жете түсінбеуімізбен байланыстыруға болады. Мұндай түсінік әрбір қазақстандықтың санасында қалыптаспайынша  мемлекеттік тілдің мәртебесі көтерілмейді. Бұл үшін мемлекеттік тілге деген қажеттілік тудыру қажет. Бұлай деп отырғанымыз, біздің елімізде қазақ тілін білмейтіндер ешқандай қиындық көрмейді. Мысалы, шетелге оқуға барғандар алдымен сол елдің тілін үйренеді, содан кейін ғана олар толыққанды студент атанады.

Мұны неміс канцлері Меркердің сөзінен де байқауға болады. Канцлер «Сырттан келіп жатқан басқа ұлт өкілдеріне біз міндетті түрде неміс тілін оқытамыз. Өйткені, оларға неміс тілі өздері үшін керек. Неміс тілін білмесе біздің мемлекетімізде немістер сияқты өздерінің құқығын қорғай, сондай-ақ, материалдық, т.б. құндылықтарға еркін қол жеткізе алмайды. Сондықтан, біз оларға ешқандай қысымсыз неміс тіліне деген мұқтаждық туғызамыз» деген. Қазақстанға да осы тәжірибені дендеп ендірген жөн. Яғни, мемлекеттік тілді білу азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің, мансаптық жылжуы мен қоғамдық – саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды факторына айналуы тиіс. Өкініштісі, бізде шеттен келгендерді айтпағанда қазақстандық азаматтардың өзі тілге деген мұқтаждықты сезінбейді. Осы жағдайдың қазақ тілінің көсегесін көгертпей отырғаны ащы да болса шындық.

  Сонымен қатар, Конституцияда тағы басқа заңдарда мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде орыс тілінің де қоданылатыны айқындалған. Дегенмен, бұл жағдайды сылтау етпей, елді, жерді құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттік тілге жанашырлық сезіммен қарауы тиіс. Мәселен, соттарға мемлекеттік тілде түсетін талап арыздар көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мемлекеттік тілді қолдауда қарапайым азаматтар белсенділік танытып, жаппай бет бұрса, сот өндірісі де толықтай қазақ тіліне көшер еді.

Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілімен, ұлттық құндылықтарымен тікелей байланысты. Сондықтан, мемлекеттік тілді заңмен талап ету, яғни, міндеттеу уақыт талабы. Халқымыздың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза айтқандай, мұндай талап халықаралық демократиялық принциптерге қайшы келмейді. Өркениетті елдерде мемлекеттік тілді білу заңмен міндеттелуі бекер емес. Өйткені, мемлекеттің тілі тәуелсіздіктің басты белгісі саналады. «Тілі бірдің тілегі бір» демекші, мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің, сондай-ақ, ел болашағының кепілі екенін есте ұстаған абзал.  

Әсет Боранбаев,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Микробиологиялық зертхананы орналастыруға қойылатын талаптар

Микробиологиялық зертхана - құрамында патогенді биологиялық агенттер (әрі қарай...

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...