Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз салынған ғимарат сүрілуі мүмкін

Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз ғимарат сүрілуі мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тау бөктеріндегі құрылысты реттеу бойынша кеңес өтті. Оған Төтенше жағдайлар, жер ресурстарын басқару департаменттерінің өкілдері қатысты.

Алматы мәслихатының шешімі бойынша, 2022 жылы 15 градустан жоғары еңіс жерлерде құрылыс салуға тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл түзетулер қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген, онда тау бөктеріндегі 4270 гектардан аса жер рекреациялық аймақтарға ауыстырылуы тиіс.

Тау етегіндегі нысандарды жобалау кезінде қала құрылысы бөлімі топырақтардың геотехникалық зерттеулері болған жағдайда бастапқы мәліметтерді береді. Алматы құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, 2022 жылы 36 нысанға құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартылса, 2023 жылы — 89, биыл — 32 нысан.

Осыған қарамастан, кейбір жағдайларда құрылыс салушылар рұқсат құжаттары болмаған жағдайда құрылысты жалғастырып жатыр. Барлығы таулы аймақтарда заңсыз құрылыс салудың 54 дерегі анықталып, сотқа 46 талап-арыз түсіп, оның 30-ы қала пайдасына қанағаттандырылды, оның бесеуі бойынша нысандарды сүрумен аяқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысы органдары мен аудан әкімдіктеріне рұқсат етілмеген құрылыстар бойынша тау бөктеріндегі аумақтарға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілетін күшейту туралы ұсыныс енгізілсін.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын...

Енді жалғызбасты ата-ананы жұмыстан шығаруға тыйым салынады

Елімізде бұдан былай азаматтық-құқықтық шартпен жұмысқа алуға рұқсат етілмейді....

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.