12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Осы онжылдықтың ортасына қарай жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылда ең төменгі деңгейге түсетіні айқындала бастады. Сонымен қатар жетекші елдер арасындағы сауда қатынастарының шиеленісуі – әлі де әлемдік экономиканың алдында тұрған негізгі сын-қатерлердің бірі. Протекционизм саясаты мен сауда дауларының ушығуы жаһандық жеткізу тізбегін бұзып, экономикалық өсімді тежейді, сондай-ақ инвесторлардың сеніміне селкеу түсіреді. Жаһандық экономикаға дамудың жаңа парадигмасы керек екені анық. Бұл мәселені шеше алмасақ, таяу онжылдықтағы мүмкіндіктер қолымыздан сусып кетуі әбден ықтимал», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Касым-Жомарт Токаев возложил цветы к монументу ”Отан Ана”

Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии возложения цветов к монументу "Отан Ана".

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 мамыр мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.

Ресей үкіметі отставкаға кетті

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде - 7-9 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.