Сот жүйесін цифрландырудың  күн сайын  маңыздылығы артуда

Болашаққа батыл қадам басып, жаңа жаһандық заманға сай жаңғыру жолына түскен елімізде әр саланы сандық жүйеге көшірудің күн сайын  маңыздылығы артып отыр. Себебі, бүгінде үйде немесе кеңседе отырып-ақ, бір батырманы басу арқылы шаруаңды бітіріп, қажетті деген құжаттарыңа оңай қолжеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технология көптің сұранысына ие. Сот жүйесінде де сандық жүйенің шапағаты сотқа жүгінушілерді күн сайын қуантуда. Санаулы уақыт ішінде іске қосылған бірқатар ақпараттық жүйелер мен сервистер сот қызметтерін оңтайландырып берді. Олардың қатарында «Төрелік» жүйесі, сот органдарының интернет-порталы, «Сот кабинеті» сервисі, электрондық тарату жүйелері бар. Әсіресе, «Сот кабинеті» сервисі іске қосылғалы азаматтар сотқа талап арыз-шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеу мүм­кіндігін тоқтаусыз пайдаланып келеді. Тіпті, аталған сервис арқылы берілген талап қоюлардың қандай сатыда екенін бақылап, кәсіби медиаторды таңдап, медиацияны электрондық түрде жүргізуге өтінім бере алады. Нәтижесінде, аталған жүйені қолданушылардың саны алғашқы кезде 5% болса, бүгінде өтініштердің 90%-дан астамы «Сот кабинеті» арқылы берілу үстінде.

Сондай-ақ, сот залдары толығымен дыбыс-бейнежазба құралдарымен қамтамасыз етіліп, сот отырыстары «тайға таңба басқандай» таспалануда. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде сот отырыстарына тараптар келмей-ақ, қашықтықтан қатыса алады. Бұл тараптардың  уақыты мен жол шығындарын үнемдеуге жол ашты. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы сот төрелігіне қатысты  сұрақтарға сапалы әрі дер кезінде жауап беріліп, «Smart-сот» телеграм-боты арқылы жиі туындайтын сұрақтарға жауап алуға болады. Аталған жаңашылдықтың барлығы  адамдардың қатысуынсыз орындалатындықтан, халық тарапынан сотқа деген шағымдардың сиреуіне, сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына, жұмыстың өнімділігі мен сапасының жақсаруына әкелді.

Қорыта айтсақ, мұның барлығы қағазбастылықты жойып, сот қызметінің мөлдірлігін айқындап, қоғамның сотқа деген сенімін еселеді. Әрине, сот төрелігін цифрландыру және сот жүйесінің сервистерін жетілдіру бойынша жұмыс мұнымен тоқтамақ емес.

АЙЖАМАЛ НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісі

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...