12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Семей полигонының жабылғанына отыз үш жыл

1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигогнын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына да міне отыз үш жыл толды. Қырық екі жыл Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары да жеткілікті. Осы сынақтың салдарынан қаншама халық айықпас дертке шалдықты. Қаншама адам көз жұмды десеңізші. Әйтсе де, осы қасіреттің аяқталғанына отыз үш жыл өтсе де, егеменді еліміздің халқының есінен шықпасы анық.
Жуырда Түркістан қалалық пробация қызметі және облыстық «Ядролық сынақ полигонның ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі одағымен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталған азаматтармен тәрбиелік тұрғыда кездесу шарасын өткізді. Есепте тұрған азаматтарға Семей өңірінде сыналған ядролық сынақтар полиноны жөнінде таныстырылып, полинонның зияны және зардап шеккен өңірлер мен олардың халқы туралы сөз қозғады. Қоғамдық бірлестік одағының төрағасы Құралтай Салықбаев пробпция есебінде түрған тқлғаларға қырық екі жыл қасірет шеккен Семей полигоны жайында түсіндірді.

  • Еліміз тәуелсіздік алған жылы Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жабылды. Әрине, бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы мен қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатты. Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 миллион гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған. Полигонның 40 жылдан аса тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті. Сонымен қатар, Семей сынақ полигонының жабылуы еліміздегі азаматтық қоғамның дамуына тікелей балайланысты. Себебі, полигон жұмысының тоқтауына атсалысқан «Неведа-Семей» қозғалысына атсалысқан ақын, мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов. Халықаралық қоғамдық ұйымдардың ортақ мүддесі адамзатты, қоршаған ортаны ядролық сынақтан құтқарып қалу еді, — деді Қоғамдық бірлестік одағының төрағасы. Түркістан қалалық пробация қызметінің мақсаты, кезінде Семей полигонының салдарынан қаншама қарапайым халықтың зардап шеккенін есепте тұрған жасөспірімдерге түсіндіру болатын.
    • Біздің пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың кейбірі Семей полигоны жайында білмейді. Бұл қасіреттің жабылғанына отыз жылдан асып отыр. Қазақстан халқының басынан кешірген қайғы мен қасіретке толы күндерін жастарымыз білуі керек. Себебі, бүгінде бүкіл әлем Қазақстанның ядролық қарусыз жолын танып біліп әрі үйреніп жатыр. Семей полигоны жабылды. Өркениеттің дамуына үлес қосып, адамзатты ядролық қатерден құтқарды. Адам баласының міндеті бейбіт өмірге ұмтылу екенін есепте тұрғандар ұмытпауы керек, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
      Кездесу соңында Қоғамдық бірлестік одағының төрағасы Құралтай Салықпаев есепте тұрған сотталғандарға қайта қылмыс және өзге де құқықбұзушылықтар жасамау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, оларды өмірде жеке тұлға болып қалыптасуға, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, имандылыққа бет бұрып, өмірде өз орындарын табуға тілектестігін білдірді.

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Микробиологиялық зертхананы орналастыруға қойылатын талаптар

Микробиологиялық зертхана - құрамында патогенді биологиялық агенттер (әрі қарай...

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...