spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

    Әлемде қанша ұлттар мен ұлыстар болса, соншама өздеріне тән тарихи қалыптасқан тілдері болатыны белгілі. Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту ‑ бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы бері тіл мәселесіне айтарлықтай назар аударылып келеді. Себебі, қазақ тілі ‑ біздің тарихи туған тіліміз, оны өзіміз, халық болып дамытпасақ, басқа ешкім сырттан келіп қолдау көрсетпейтіндігі белгілі.

    Ұлттық тіліміз туралы үнемі жазып, көпшілік жиындарда айтып, жастарға кеңінен насихаттап отыру қазіргі әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Біздің қазақ тіліміздің тарихы терең, мағынасы мен сөздік қорының өте бай екендігі даусыз. Кезінде билеріміз бен жырауларымыз, батырларымызбен хандарымыз, шешендеріміз бен абыздарымыз осы ана тіліміз арқылы талай даулы мәселелерді бір ‑ ақ ауызбен шешіп, талай жанжалдардың бетін қайтарғаны тарихтан мәлім.

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі қабылданған Заңында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ‑ қазақ тілі. Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп аталып көрсетілген.

    Жалпы, мемлекеттік тілдің кең қанат жайып, дамуына ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметте жүрген қызметшілердің ықпалы зор. Себебі, мемлекеттің функциясын атқаруда және саясатты тәжірибелік тұрғыдан жергілікті жерлерде іс жүзіне асыратын негізгі субъектілер осы тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда газет ‑ журналдар мен теледидарлардан билік өкілдерінің мемлекеттік тілімізде берген сұхбаттарына көпшілік қауым, әсіресе жастар күнделікті сын көзбен қарап бақылап отырады. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін толық меңгеріп, қызметінде үнемі қолданып отырса, халық арасында, қоғамда мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттіліктің артатыны сөзсіз.

    Мемлекет басшысы Қасым ‑ Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ‑ ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сондай ‑ ақ жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңында сот ісін жүргізу тіліне де ерекше тоқталып өткен. Ол бойынша «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылатындығы» жазылған. Заңда көрсетілген талаптарға сай сот саласында қызмет етіп жүрген судьялардың да басым бөлігі қазақ тілін меңгерген азаматтар. Тіпті мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де қызмет атқарады. Сот қызметіндегі барлық іс қағаздардың көп бөлігі мемлекеттік тілде жазылып, жарияланып жатады. Хат алмасулар, сот шешімдері мен сот орындаушылық құжаттарының да көпшілігі осы мемлекеттік тілде жазылуда. Өзінің қазақ тілінде сөйлеуін ары қарай жетілдіремін деген қызметшілерге мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған, бастысы тілді білуге деген ниеттің болуында.

    Нақты уақытта көптеген әкімшілік, азаматтық, қылмыстық сот процесстерінің басым көпшілігі мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін ерекше атап өтуге болады. Заң кеңестері де қазақша түсіндіріліп жатады. Мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің арасында тек қана сот саласының қызметкерлері ғана емес, прокурорлар, қорғаушылар, сот орындаушылар мен полиция қызметкерлері де бар.

    Қорытындылай келе, өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформаларының арқасында биік ‑ биік асуларды бағындырды. Сот жүйесінің негізгі басты мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, яғни мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін қажеттілік туындататын уақыт жақын деп танимыз.

    Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік!   

Айгерім Мәлікова

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің бас маманы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...