Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

Бірнеше күннен бері Алматыда ауа температурасы күндіз 10 градустан жоғары болып тұр. Мегаполисте жылыту маусымы қашан аяқталады? Tengri Life анықтап көрді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жағдайға қатысты пікір алу үшін басылым тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласып көрді.

«Алматыда жылыту маусымы уәкілетті органның қаулысы бойынша, жылыту маусымына дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді болжамды ескере отырып, ұзақ уақыт бойы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8 градустан және одан жоғары болған кезде аяқталады. Қаулы шығарылғаннан кейін жылу беру тоқтатылады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.