12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоныс колониясында сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында модульдік ғимарат тұрғызылды

        Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту үшін ІІМ пенитенциарлық жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында,  мекеме аумағына  «Асхана 120 орынға, 48 орындық шәйханасымен», «Жатақхана 372 орынға, монша кір жуу кешені бар»  техникалық тапсырыс бойынша барлық талаптар орындалып, модульдік ғимарат тұрғызылды.

      Модульдік ғимараттарға мемлекеттен 2023 жылы бөлінген  қаржыны игеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 31 желтоқсандағы №1200 қаулысының қағидаларын ескере отырып, тылмен қамтамасыз ету бөлімшесі бөлінген қосымша қаражатты игеруге, мемлекеттік сатып алу заңының ерекше тәртібімен, Үкімет қаулысының барлық қағидаларын ескере отырып  ең төмен баға ұсынған әлеуетті жеткізуші қаттамамен жеңімпаз болып табылды. 2023 жылдың 29 тамыз айында келісім шартқа қол қойылып, Алматы қаласының  Қазынашылық Департаментіне тіркеуге өткізіліп, ағымдағы жылдың 05 қыркүйегінде тіркеуден өтті.

       Модульдік ғимараттар барлық мемлекеттік коммуналдық мекемелерге, алдын-ала дайындалған техникалық шарттар негізінде қосылды.

      Асхана заманауи, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды есепке ала отырып, қоймасы, суық-ыстық цехтары, ас қабылдау залы, ыдыс жуатын бөлмесі, ас тарату бөлмесі бар модульдік ғимарат тұрғызылды. Асхана мен шайхана  мердігердің күшімен  жихаз және асханаға қажетті техникамен жабдықталды.

       Жатақхана сотталғандарды түзету мекемесінде ұстау ережелері ескеріле отырып: жатын бөлмелері жылы-жарық, әр қабатта жуыну-шомылу бөлмелері бар, жеке заттарын сақтайтын бөлмесі бар, бос уақыттарын өткізетін, теледидар орнатылған мәжіліс залы мен кітап оқитын бөлмелері бар модульдік ғимарат тұрғызылды. Жатақхана модульдік ғимаратың бірінші қабатында орналасқан және барлық қажетті техникамен жабдықталған. Барлық сотталғандарға арналған жатын бөлмелер мен қызметкерлер кеңселері қажетті жихаздармен жабдықталған. Жатақхана модульдік ғимараты мердігерлердің күшімен қажетті техникамен жабдықталды.

           Мекеме аумағын абаттандыру, ауарайының қолайсыздығына байланысты, көктем айларында жүргізіледі.

     Сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында сатып алынған,  Модульдік ғимараттар жақсы нәтежие береді деген үміттеміз.

  ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№13 мекеме» РММ

Тылмен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы

Г.Д.Тулбасиева 

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...