12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация жүйесін жетілдіре түсу жолдары талқыланды

Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастырудағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңымен реттеледі.

Бұл заңмен Қазақстандағы медиацияның қалыптасуының негізі қаланды. «Медиация мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР Қылмыстық кодексіне, ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Әкімшілік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қолданыстағы заңнама жүйесін және жаңақұқықтық институты байланыстырды.

Медиацияның және бітімгершіліктің «Медиация» бірыңғай орталығы» РҚБ дайындаған Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы  2011жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бұл қағидада кәсіби медиаторларды оқыту тәртібі реттеліп, үш деңгейлі оқыту жүйесі бекітілді.

«Осылайша медиацияны құқықтық инситут ретінде барынша реттейтін және оның тиімді қолдануға мүмкіндік беретін бірыңағай заңнамалық негіз қалыптасқан.

Бүгінгі таңда медиация жүйесінің барлық буындарының жұмысын үйлестіретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің анықталғаны көңілге қуаныш ұялатады. Министрлік тарапынан медиацияның жағдайын зерделеп, оны дамытудың басты бағыттары анықталды.

Мамандар медиация жүйесін жетілдіре түсу жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп есептейді.

Е.М.Ушбаев, Шахтинск қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...