Мәскеуде «Крокус Сити Холлдағы» теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

«Крокус Сити Холлдағы» теракт салдарынан қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Бұл туралы 25 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин президент Владимир Путинге теракт төңірегіндегі жағдай туралы баяндау кезінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Қаза болғандардың 75-інің жеке басы анықталған, 40 адам оқтан, 45 адам өрттен, екеуі емдеу мекемелерінде қаза болған.

Бастрыкиннің айтуынша, тергеу ойын-сауық орталығында болған оқиғалардың толық хронологиясын анықтап қойған.

«Төрт адамға айып тағылды. Жауап алу кезінде және сотта олардың барлығы кінәсін мойындап, тапсырыс берушілер мен оларға көмектескен тұлғалар туралы егжей-тегжейлі айғақ берді. Тергеу барысында қылмыскерлерге көлік, пәтер және ақша берген тағы үш адам ұсталды», — деді тергеу комитетінің басшысы.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі