Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелгенін хабарлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелген, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,9 есе жоғары. А вирустық гепатиті лас су, ластанған тағам және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қол арқылы беріледі», — делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, аурудың белгілері — дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу. Инкубациялық кезең — 14-тен 35 күнге дейін.

ДСМ мәліметінше, А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялауға жатады:

  • екі жастағы балалар;
  • инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

 Қалай сақтануға болады:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
  • ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
  • ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі