Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты #79 мекемесінде 22-наурыз мерекесіне орай “Ұлттық ойын-ұлт игілігі” тақырыбын негізге ала отырып қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі арқан тартыс және асық атудан сотталған азаматшалар арасында сайыс ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр.
Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған алтын қазына. Ұлттық ойындар шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді. Ұлттық ойындарға сотталған азаматшалар аса қызығушылықпен қатысып, үздіктер мекеме бастығы атынан алғыспен марапатталды.


