Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», — деп жазылған жеделхатта.

Көрнекті жазушы, журналист, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке 88 жасында өмірден өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.