Кәрім Мәсімов қайда? ІІМ басшысы жауабы

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол қайда? Бір жерлерде оның іс-шараларда жүргені түсірілген суреттер бар деген ақпарат болды. Бұл ақпарат қаншалықты шынайы немесе жалған? Неге оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото немесе видео жоқ?» – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрлігі басшысына.

«Қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол (Мәсімов — еск.) сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында», — деді Сәденов.

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі былтыр 24 сәуірінде шыққан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі