12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бітімгершілік – бірліктің бастауы

     Бітімгершілік келісімін бекіту кезінде медиатордың ролі ерекше. Медиаторлар екі түрге бөлінеді: профессионал және профессионал емес медиаторлар.Медиациялық келісім кезінде тараптар медиатор таңдауда ерікті. Өздері қалаған медиатордың қатысуымен екі тарап ерікті түрде келісімге келеді. Медиатор дау жанжалға қатысы жоқ, екі тараптың да көңілінен шығатын шешім табуға, ортақ мәмілеге келугетырысатын тұлға. Медиатор тараптарға кінәлі адамды табу немесе өз айтқанының дұрыстығын дәлелдеуемес ортақшешімге келу қажеттігін түсіндіруші болып табылады.
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы және заңға қайшы келмеу қажеті.Татуласу келісімін сот бекітеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруда «дауларды шешудің балама тәсілдерін дамыту, оның ішінде бітімгершілік процедурасы азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіру мемлекеттің негізгі бағыттары екенін» атап өткен болатын. Сондықтан сотқа жеткізбей шешу жолын қарастырып, сот тарапынан да ықпал ету қажеттілігі туып отыр. Қазіргі заман талабына сай, шешім шығарудан бұрын медиациялық келісім, партисативтік келісім, бітімгершілік институттарының дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Бұл ретте айта кететін жайт азаматтық процестік кодекстің бір тарауы толығымен осы татуласу рәсімдеріне арналуы, сонымен қатар осы заң аясында, медиатор қызметін судьялардың да атқара алатындығы. Егер сот отырысы барысында судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін тараптар татуласуға ниет білдіріп, осы татуласу рәсімін сот төрағалығын жүргізіп отырған судьяның өткізуін талап етсе, онда іс басқа судьяның қарауына өтуі кажет.
Алайда, тараптар сол судьяның өткізіп және істі аяқтауын жазбаша түрде сұрайтын болса сол судьяның осы істі татуласу тәртібімен аяқтауына мүмкіндігі бар. Медициямен аяқталған істер бойынша салық кодексінің 548- бабына сай, сотқа төленген баж салымдары қайтарылатынын ескерсек, бұл жеке және заңды тұлғалардың уақытын ғана үнемдеп коймай, бүгінгі дағдарыс кезеңінде артық шығын шығармаудың да тиімді тәсілі екені сөзсіз.
Сонымен қатар, елімізде сотталған азаматтардың санын азайтуда, қоғамда дау-дамайдың азаюына және соттардың жүктемелерінің кемуіне де өз әсерін тигізуде.

   Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман — сот отырысының хатшысы А.Бөртебай  

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...