Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі” атты әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға қайырымдылық акциясы болды. Ол акциядан Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарда құр қалмады. Акцияның мақсаты – пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түліктей көмек көрсете отырып, олардың әлеуметтік жағдайына демеу болу.

Қармақшы аудандық пробация қызметі аталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп, өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көмек алған отбасылар ризашылық көңілдерін жеткізіп, құқық қорғау және уәкілетті органдарға алғысын білдірді.

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

Ардагерлер ұйымы төралқасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне...

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...