12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығы подполковник Мақсұт Өтегенұлының ұйымдастыруымен сотталғандар арасында наурызнама онкүндігіне орай спорттық іс-шара өткізілді.

Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, асық ату ойындары бойынша сайысқа түсті. «Бүгін «Ұлттық спорт күніне» орай жазасын өтеушілер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында спорттық жарыс өтуде. Қазіргі кезде дәстүрлі спорт түрлеріне деген ықылас сотталғандар арасында ғана емес, қызметкерлер арасында да артып келеді. Бұл да заңдылық, себебі ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерімен айналысқанда біз ата-бабаларымыздың даналығы мен сұлулығын паш ететін мәдени құбылыс тудырамыз. Сотталған азаматтарға бұндай шараны ұйымдастыру – бізде ғаламдық деңгейде мақтан тұтатын мұра бар екенін түйсініп, мықты рух пен ерік-жігер тұрғысынан үлгі тұтатын бабаларымызды еске түсіруге себеп» , – деді мекеме бастығы, подполковник Мақсұт Өтегенұлы.

Жеңімпаздар арасында топ жарып, жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
«Мен бұл мекемеге тергеу изоляторынан жақында келдім. Аз уақыт ішінде теологиялық, идеологиялық және психологиялық дәрістермен қатар осындай іс-шараларға белсене қатысып келемін. Қателеспейтін пенде болмайды, алайда, бізді қателесті екен деп сыртқа теппей, керісінше бізге қамқорлық танытып жатқан мекеме ұжымына алғысымды білдіремін», — деді жүлделі І орынды жеңіп алған М. есімді жазасын өтеуші азамат.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Определение места жительства ребёнка в Республике Казахстан

В Республике Казахстан вопрос о месте жительства ребёнка регулируется...

В Алматы состоится открытая встреча для фрирайдеров

24 декабря 2025 года в гостинице Novotel в Алматы...

«Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Novotel қонақүйінде фрирайдерлерге, тау...

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балаларды арнайы білім беру ұйымына жіберу тәртібі

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау...