Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде Capital Bank Kazakhstan АҚ мен AsiaCreditBank АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

«Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден асады. Прокуратура ҚР Ұлттық банк мүддесіне, Ш. жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, Алматы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды», — делінген хабарламада.

Сот алқасының қаулысы бойынша, сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.