Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесі «Шаңырақ» күнімен құттықтайды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінің жеке құрамы әр отбасына береке мен шаттық тілей отырып, баршаңызды 17 наурыз «Шаңырақ» күнімен құттықтайды. Жарық дүниеге келген адам баласы екі нәрсе таңдауда қателеспеу керек деген қағида бар. Біріншісі — мамандық таңдау болса, екіншісі — өмірлік серігін таңдау.

Осы орайда, қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген Кошановтар жанұясы туралы айта кеткеніміз жөн болар.

2009 жылы Кошанова Жұлдыз Жантасовна тергеу изоляторына қызметке орналасып, сол мекемеде болашақ жары  Кошанов Марат  Бекмаганбетовичпен танысып, шаңырақ көтереді. Қызмет барысында Марат пен Жұлдыз түрлі қызметтерді атқарды. Біздің мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Кошанова Жұлдыз төртінші кенжесімен декреттік демалысында отырса, жолдасы әділет капитаны Кошанов Марат  №2 мекемесінің режим бөлімінің жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарады. Қазіргі таңда, отбасы үш қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр. Қызығы мен қиындағы қатар жүретін қылмыстық атқару жүйесі оңай сала емес, себебі шен таққан жандарға қоғам үлкен жауапкершілік жүктейді. Отбасылық береке мен қызметті қатар алып жүрген отбасына тек бақыт тілейміз.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...