Қызметтік иттер оқу-жаттығудан өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі мен 5547 ҰҰ әскери бөлімінің кинолог бақылаушылары бірігіп, 5547 әскери ротасында оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығуда қызметтік иттердің тарихы, түрлері және үйрету тәсілдері түсіндіріліп, жаттығу жұмыстары жүргізілді. Жаттығуға қатысушылардың бірі №60 мекеменің кинолог бақылаушысы Маратұлы Рахаттың бұл салаға келгеніне жыл толмады. Оқуын аяқтай сала, кинолог маман ретінде қызметке қабылданып, Мартин есімді серігімен бірге түрлі оқу-жаттығуға қатысып келеді.

Оқу-жаттығу кезінде қызметтік иттерді тыйым салынған аймақтағы негізгі жолақтарда із іздеу, сотталғандардың қашу кезіндегі жасырынған орындарын анықтау, мекемеге кірген және шыққан автокөліктерден тыйым салынған заттарды анықтау бойынша, сонымен қатар, қашуға әрекеттенген жағдайда сотталғанды ұстау және күзету кезіндегі іс-әрекеттерге шолу жасалды. Бұл әрекет ауызша түсіндіріліп, іс жүзінде әр маманнан қайталап көрсету талап етілді. Қазір 7 жастағы Мартин есімді көмекшіммен бірге жоспарға сай жаттығу алаңындамыз. Ерекше қасиетке ие көмекшім екеуміз аз уақытта тіл табысып, тыйым салынған заттардың мекеменің ішкі аумағына енуінің алдын аламыз. Бұл салада олармен жұмыс істеу қиын. Күшік кезінде мінезін әбден зерттеу қажет. Тінтуші жануарды осы мамандыққа үйрету – жас баланы тәрбиелеумен бірдей. Оны да алдайсың, еркелетесің, тіпті ұрысып та аласың. Оларды күтіп, баптау біздің міндетіміз. Қызметке қырағылық осындай жаттығу кезінде байқалып, шыңдала түсеміз. Алдағы уақытта 5547 ҰҰ кинолог бақылаушыларымен бірігіп, мардымды іс тындырарымыз анық, — деді кинолог бақылаушы Маратұлы Рахат.

Бөлім қызметкерлері осы иттердің көмегімен тоқсан сайын бір рет тінту жұмыстарын жүргізеді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...