12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алғыс айту асыл қасиет

Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күнімен басталады. 2016 жылы Президент бастамасымен басталған әдемі үрдіс қазіргі таңда елімізде жыл сайын тойланатын үзілмес дәстүрге айналды.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Дегенмен қазіргі таңда әдемі мерекені жатсынбай, тіпті халқымыз бір біріне алғыс айтатын өзіндік мәртебесі бар мерекеге айналып кетті. Алғыс айту күні — қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні.  Біле-білгенге бұл күннің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Күні бүгіндері қазақ елінде тату-тәтті тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері «қазақ халқына, қуғын-сүргін көріп, бір тәулікте Қазақстан жеріне айдалып келгенінде барлығына қамқалы тонын кигізіп, ас- суын алдымыздан тосқаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз» дейді. Расында да, сонау қиын-қыстау заманда Қазақстан топырағына келген өзге ұлт өкілдері жатар жерін беріп, бір нанын бөлісіп, оны өзге деп көрмей, өзінің ба-уырына басқан қазақ халқына шексіз риза. Сондай-ақ, Ата заңымызда дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Сондықтан мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелгені анық. Мұндай міндетті еліміз өзге этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа деген шексіз құрметі мен алғыс сезімі арқасында ойдағыдай іске асыруда.

Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...