Салық шегерімдері арқылы жалақыны қалай көбейтуге болады?

Ипотекалық несиесі бар қазақстандықтар салық шегерімі арқылы, «қолына алатын» жалақысын көбейте алады. Мұны қалай дұрыс жасау керек екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында көрсеткен мәлімет бойынша, Қазақстанның резиденті болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстандағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегеріміне құқығы бар.

Салық шегерімдерін қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, өтініш беру керек. Оларға мыналар жатады:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй ипотекалық несие шарты.
  • Сыйақы сомасын бөлінген ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі.
  • Несие бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат.

«Салық шегерімдері мынадай күндердің ең кеші келетін салық кезеңінде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні», — деп нақтылады комитет.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.