Президент жаңа тұрғын үй бағдарламасын енгізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын енгізуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент баспана – жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш екенін айтты.

«Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар, сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын.

Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады. Құрылыс саласында жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үй алуына жол ашады», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.