Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды — Тоқаев

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да мемлекеттік тілді дамыту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Келесі мәселе. Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.

Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық», — деді Мемлекет басшысы.

Президент қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түскенін айтты.

«Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.

Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек».

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.