Бір үйде 300 адам: Алматы облысында мигранттар заңсыз тіркелген пәтерлер анықталды

Алматы облысында прокурорлар мигранттарға арналған заңсыз пәтерлерді анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыста 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген 278 үй анықталды. Бұл үйлердің ішінде тұрғын үйлер де, мекенжайлары жоқ үйлер де болған.

«Мәселен, Қарасай ауданы, Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады прокуратура.

Үш мың мигранттың мемлекет қазынасына 79 миллион теңге салықты төлемеу фактілері анықталып, өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, депортациялауға жататын 29 мигрант пен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 мигрант елден шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы 600-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықтап, 17 көші-қон полициясының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.