Алматыда 8 жылда алғаш рет жалдамалы баспана бағасы арзандады

Алматыда соңғы сегіз жылда алғаш рет пәтерді жалға алу бағасы арзандады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DataHub сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматыда ақпан айында тұрғын үй нарығындағы баға қаңтармен салыстырғанда үш санат бойынша бірден төмендеген.

Пәтерді жалға алу 2,9 пайызға арзандаған. Бастапқы нарықтағы пәтерлерді сатып алу құны 1,4 пайызға, екінші деңгейлі нарықтағы пәтерлер екінші ай қатарынан 0,4 пайызға арзандаған.

Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы +0,4% өскен. Мұндай өзгеріс Алматыдан басқа Қарағанды ​​(-0,3 пайыз) мен Павлодарда (-0,1 пайыз) байқалады.

Қазақстан бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайызға өсті. Соның ішінде Астанада қайта сату бағасы – +5,3 пайызға қымбаттаған.

Елімізде пәтер жалдау ақысы 1,2 пайызға, соның ішінде Семейде 4,4 пайызға арзандады.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.