Атырау тұрғыны бірнеше рет жаңа туған балаларын сатқан

Атырауда жаңа туған нәрестені сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты сот үкімі күшінде қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 адамға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Сот үкімі бойынша, сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Қалған төрт сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

«Сотталушы әйел жүкті бола тұра, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұппен сөз байласқан. Ақша қаражатын бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздерінің отбасына алған».

Уақыт өте келе, әйел қайтадан жүкті болып, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен қылмыстық ой туындап, басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан.

«Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 миллион теңге залал келтірілген. Осы уақытта сотталушы әйел өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұппен сөз байласқан. Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушы әйелдің шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң өз отбасыларына алған.

Отбасылық жұптар жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған», — делінген хабарламада.

Іс апелляцияда сотталғандар және адвокаттардың апелляциялық шағымдары бойынша қаралған.

«Олар сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Алқа апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппады. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», — делінген хабарламада.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.