Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыда сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД мәліметінен сілтеме жасап.

«6 наурызда, алдын ала сағат 5:11-де Алматыда жер сілкінісі болды, оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі өңдеп жатыр. Жер сілкінісінің ошағы мен күші туралы ақпарат нақтыланып жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жер сілкінісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:09-да тіркелген.

​Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде, Қытай аумағында, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,6. MPV магнитудасы — 5,4. (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда екі балл.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі