Атырау МӨЗ бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды — БАҚ

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына дереккөз хабарлаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Досмұратовтың ұсталуының бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов таяуда қызметінен босатылған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.

«Ақ Жайық» мәліметінше, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты соталды тергеуді облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау бойынша ҚМА департаменті жүргізіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.