Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді

Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Офицердің айтуынша, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар — еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша — 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды», — деді Досымов ОКҚ брифингінде.

Ведомство бастығының орынбасары мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге шақыру қызметінің тартымдылығын арттыру көмектеседі.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.