Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге «қартайған»

Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды — электрон құжаттарда туған күні өзгерген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.

Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.

Мәселе «Құжаттарды жаңарту» батырмасы арқылы шешіледі. Мұны бірнеше рет басу қажет болуы мүмкін. Оған қоса, қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.