Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті №71 мекемесінің қызметкерлерінің мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс кездесуі өткізілді.
Еліміздің жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтау және құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу үшін, «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының өкілдері мен ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік қызметінің жедел уәкілі профилактикалық сұхбат жүргізді.


