Жастар арасында танымал вейп туралы
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Ұлт денсаулығы кез-келген ел үшін ең бірінші маңызды мәселеге баланады. БҰҰ-ның «тұрақты даму мақсаттары»концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады.Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы.
Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Осыған байланысты әр түрлі елдердің ғалымдары электронды темекінің балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсерін зерттей бастады.Көптеген жасөспірімдер электронды темекі шегуге тырысады. Жиналған статистикаға сәйкес, 14 жастан асқан балалардың 40% — ы осы құрылғыны пайдалануға жүгінеді.Электрондық темекінің ағзаға қандай зияны бар. Егер сіз электрондық сигареттер зиянды ма жоқпа деп ойлансаңыз, ескере кететін жағдай, жану процессі тек булануға ауыстырылды, бірақ құрамы іс жүзінде өзгерген жоқ. Никотин екі жағдайда да кездеседі, айырмашылық тек оны жеткізу әдісі мен қарқындылығында. Вейп сұйықтықтарының құрамына кіретін никотин тұрақты физикалық және психикалық тәуелділікті қалыптастыратын нейротоксиндер мен алкалоидтарға жатады, бұл никотинге тәуелділікпен күресте электронды темекінің пайдасы туралы барлық дәлелдерді жоққа шығарады. Никотин тамырларды бұзады, жүрек –тамыр, тыныс алу жүйесінің жағдайын нашарлатады.Қыздырылатын табак aikos, glo және вейптің кәдімгі темекіге қарағанда никотині аз деген тұжырым жалған. Біріншіден, біз вейптің қаптамасында көрсетілгеніне қарағанда әлдеқайда көп никотин анықтадық. Сұйық түрдегі химиялық қоспа ауыз ұртында тез сорылып, қан жүйесіне бірден түседі. Бұл миды никотинмен улау деген сөз. Тіпті вейпті қолданатын балалар есінен танып құлауы мүмкін. Екіншіден, вейпті шегетін ересектерде никотинге деген тәуелділік одан әрі артады. Орташа есеппен әрбір вейпте 6-62 мг дейін никотин бар. Сондықтан табак өнімдерімен айналысатындардың «электронды темекіде никотин аз» деген сөзіне сенудің қажеті жоқ.Ал aikos пен glo – қыздырылған табак өнімі. Оның ішінде никотин 6 мг дейін болуы мүмкін. Мұның енді кәдімгі темекіге қарағанда никотині аз деп айтып жатады. Солай жарнамаланып та жүр. Бірақ күні бүгінге дейін жасалған зерттеулер электронды темекінің зиянсыз емес екенін көрсетті. Өйткені олардың құрамында қандай мөлшерде болса да никотин бар. Ал кез келген формадағы никотинді қолдану – зиян. Оның үстіне бұл өнімдер электронды шылымды шегушінің ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да зиянын тигізеді. Әсіресе балалар темекі түтінінен тез уланып, түрлі ауруға шалдығуы әбден мүмкін. Сондықтан ДСҰ электронды темекілер зиянсыз деген тұжырыммен келіспейді. Темекінің қай түрі болмасын өте қауіпті екенін естен шығармаған жөн.Шара соңында пікірлер тыңдалып,білім алушылар өз ойларымен бөлісті. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Денсаулық үшін жауапкершілік, алдымен, азаматтың өзіне тікелей байланысты. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, табысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық — байлық. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады.
Битабарова Ж.А
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Phd
Исмаилова Рамида Махиркызы
Әзербайжан,Баку мемлекеттік университеті