12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шикізаттық емес экспорт биыл 5 млрд долларға ұлғаймақ

2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемі 41 млрд. долларға дейін жеткізіледі. Бұл  Алматыда  өткен «Қазақстанның жемістері мен көгөністері – 2024. KazAgroFood» деп аталатын халықаралық конференцияда  айтылды.

«Қазақстандық өнімнің экспортын дамыту және сыртқы нарықтарға жылжыту Сауда және интеграция министрліктің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің алдымызға Мемлекет басшысы шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 41 млрд. долларға дейін жеткізу міндетін қойды. 2023 жылдың қорытындылары бойынша нысаналы индикаторға 35,1 млрд. долар деңгейінде 2% асыра орындалып қол жеткізілді. Өңделген тауарлардың экспортында экспорттық себет айтарлықтай ұлғайып,  шамамен 5900 тауар позициясын құрады», – деді конференцияның ашылу рәсімінде   бірінші вице-министр Айжан Бижанова. Оның айтуынша, 2023 жылы жеміс-көкөніс өнімдерінің экспорты 30 пайызды құрады. Яғни ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 645 мың тоннадан 835 мың тоннаға дейін ұлғайды. Бұл картоп экспортының рекордтық өсуімен байланысты. Ол  бір жылда 70 пайызға (411 мың тонна) ұлғайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның шикізаттық емес экспортты дамыту жоспарын 2021 жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында жариялаған болатын. «Біздің экономикалық модель ішкі тұтыну инвестициясынан бөлек экспортты дамудың маңызды факторы ретінде қарастырады. Біз өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуетін 10 млрд долларға, қызмет көрсету саласының экспорттық әлеуетін тағы 10 млрд долларға бағалаймыз. Орта мерзімді мақсат 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде қызметтер қоса отырып, 41 млрд долларға дейін ұлғайту болып табылады»,  – деген Қасым-Жомарт Тоқаев онда инвесторлармен жұмысты жандандыру үшін және осы әлеуетті пайдалану үшін   2019 жылы Сауда және интеграция министрілігінің арнайы құрылғанын да атап өткен еді. 

Бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, сауда-экономикалық бағыттарды әртараптандыру шеңберінде жаңа логистикалық шешімдер әзірленуде.  Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында инвесторларды тарту орталықтарына айналатын 5 трансшекаралық хаб құру және дамыту көзделген. Олар шикізаттық емес экспорттың өсімін көрші елдермен 30 пайызға ұлғайтуға және шекарада заманауи сауда инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Министрлік сондай-ақ, Өнеркәсіптік саясат туралы заңға сәйкес экспортты дамыту және ілгерілету операторларын айқындады.А лдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушылар Экспорттық-кредиттік агенттік арқылы сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының толық спектрін ала алады. Ведомстволық бағынысты QazTrade ұйымының базасында 20-дан астам қаржылық және қаржылық емес көмек құралдарын қамтитын экспорттаушыларға сервистік қолдау шоғырланған.

«Министрлік сондай-ақ отандық экспорттаушыларды өсіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Экспорттық акселерация бағдарламасы осындай құралдардың бірі болып табылады. Бағдарлама 2020 жылы іске қосылды және экспортқа бағдарланған ШОБ-ты жаңа өткізу нарықтарына шығаруға бағытталған. Бүгінде белсенді экспорттаушылар пулы қалыптасты, олардың профильдерін біз сыртқы нарықтарда белсенді ілгерілету үшін Қазақстаннан барлық елшіліктер мен сауда өкілдіктеріне жібердік.  Қазірдің өзінде біздің өнімді сатып алуға дайын шетелдік серіктестердің базасы қалыптасты. Дәстүрлі РФ, Қытай, Өзбекстанмен қатар жаңа өткізу нарықтары енгізілген — бұл Әзірбайжан, БАӘ және Сауд Арабиясы. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын  жеке тұлға онлайн ала алады, бұл оның уақыты мен шығынын үнемдейді. Мұндай тәсілді біз экспорт кезіндегі бизнес-процестер үшін де енгіземіз», – деді Айжан Әділқызы. Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің айтуынша,  орталықтандырылған тетікті құру үшін экспортерлер үшін уақытша және қаржылық шығындарды азайтуға, жаңа экспортерлердің санын ұлғайтуға, біздің кәсіпкерлер үшін өндірістік қайта өңдеу және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін толыққанды цифрлық «бірыңғай терезе» қалыптастырылатын болады. Олардың алдында заманауи көлік жүйесін қалыптастырудан бастап халықаралық деңгейдегі логистикалық қызметтерге дейінгі үлкен жоспарлар тұр.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, 2023 жылғы қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болды. Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты.  Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3 пайызды құрайды. Ал экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1 пайыз болып, тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...