23 қаңтарда Астанада «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үміткерлер арасында шымкенттік блогер Ырысбала Икрамбай да болған. Бірақ ол ұйымдастырушылардың әрекетіне ренжіп, сыйлықтарын алмай қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Астанада Назарбаев қорының ұйымдастыруымен алтыншы мәрте «Қайырымдылық керуені» өтті. Соған мені Шымкент қаласының әкімдігі ұсыныпты. Оларға рахметімді айтамын. Астанадағылар мен секілді қайырымдылықпен айналысып жүргендерді іріктеген. Әрбір өңірден келген жұмыстармен танысқан. Мен республикалық деңгейге өтіппім. Сосын мені марапаттау рәсіміне шақырды. Таңертең репетиция болады. Алтыншы рет өтсе де, соны ұйымдастырушылардың қай жерлерімен ойланатынын түсінбедім. Атқарылған қайырымдылыққа бірінші, екінші, үшінші орын деп орындар тағайындаған. Сонда қайырымдылық адамның берген орынымен бағалана ма? Қайырымдылық деген ең бірінші Алланың разылығы үшін жасалады», — дейді Ырысбала Икрамбай.

Оның айтуынша, ұйымдастырушыларының әрекеті көңілін қалдырған.

«Сіздер оны қалай орынмен бөлесіздер? Менің істеп жатқан қайырымдылық жұмыстарымды «Мейірім жолында» деген номинацияның үшінші орынына лайық деп таныдық деп тұр. Өзі 7 номинация бар екен. Сендер қайырымдылыққа орын беретін кімсіңдер? Бұл не деген ақымақтық? Ол баста орын беретінін білмеппім. Әйтпесе, мұндай ақымақ істеріне барып, үлесімді қоспайтын едім. Маған орынды да, бағаны да беретін халық. Ақымақ бас екі аяқтың соры деп Астанаға дейін келдім. Үшінші орын үшін беріп жатқан сертификат, қола медалі бар екен, итке сүйек лақтыратындай үлестіретін сыйлықтары маған керек емес. Үшінші орынды алып, өз құнымды түсірмеймін. Сендер үшін қайырымдылық істеп жатқан жоқпын деп, есікті тарс жауып кетім қалдым», — дейді блогер.

Арычный цейтнот

В ЭТИ ДНИ КИПИТ НЕ ТОЛЬКО ПОГОДА. В АЛМАТЫ...

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.