Басшылық лауазымдарына жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған диалогтық алаң құрылды

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Тәлімгерлер кеңесі» Консультативтік кеңесінің мүшелерімен Алматы қаласының мемлекеттік органдарында басшылық лауазымға жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілеріне диалогтық алаң ұйымдастырды.

           Кездесуге Департамент басшысы Ш.Әлімхан, Кеңес мүшелері С.Сейдуманов, Б.Джапаров және Алматы қаласының мемлекеттік органдарында басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қатысты.

           Іс-шара барысында Департамент басшысы мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер, нақтырақ, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, біліктілік талаптарын бекіту, ротациялық төлемдер, қашықтықтан жұмыс, келісімшарттық қызмет және т.б. мәселелері туралы айтып өтті. 

           Сонымен қатар, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметтін қалыптасу тарихына тоқталып, мемлекеттік қызметте өткен қызық оқиғаларымен бөлісіп, ақыл кеңестерін берді. 

           Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық қанды жауаптарын алды.

           Департаменттің Мемлекеттік қызмет

          саласындағы бақылау басқармасының

          бас сарапшысы  А. Тасов

8 августа — Международный день офтальмологии: своевременная диагностика помогает сохранить зрение

8 августа отмечается Международный день офтальмологии. Эта дата призвана...

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...