Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті.

Көрмеге әртүрлі саладағы қаламызда сәтті жүзеге асырылып келе жатқан  әлеуметтік маңызы бар 15 жоба ұсынылды. «Alpha volunteers»  еріктілерінің тілдер паркі, «QAMQOR CHARITY ҚҚ-ның әлеуметтік шеберханасы, «Тепло» қайырымдылық жобасы, «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы, «Teenergizer.qz»  әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу жобасы және т.б қатысты.           

Сонымен қатар іс-шарада қаланың демалыс орталықтарынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылған болатын.

Әртүрлі ұйым өкілдері өздерін таныстыра отырып, қызығушылық танытқан қонақтарды өз жобаларына шақырды. Көрмеге қала тұрғындары, жастар, сондай-ақ оқушылар да қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай көрмелер арқылы қоғамға пайдасын тигізіп жүрген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жастар арасында  кеңінен насихаттау аса маңызды.

Айта кетейік, аталмыш көрме алдағы уақытта қаламыздың басқа аудандарында жалғасын таппақ.

Сот кабинеті

Сот кабинеті – Қазақстан Республикасының сот жүйесінде қолданылатын электрондық...

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

 В целях поддержки аграриев 

ВОПРОС ИРРИГАЦИИ ДЛЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ, РАБОТАЮЩИХ В АГРАРНОМ СЕКТОРЕ, –...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...