Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы сегіз қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 21 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сталкинг: между законом и реальностью

ЗА ПЯТЬ МЕСЯЦЕВ ТЕКУЩЕГО ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ЗАРЕГИСТРИРОВАЛИ 248...

Алтынның биржадағы құны күрт төмендеп жатыр 

Сағат 01:11-де төмендеу қарқыны күшейіп, баға бір трой унциясы үшін 4092,3 долларға дейін түсті (минус 4,53 пайыз).

Қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы тағы өсуі мүмкін 

Қазіргі уақытта ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатыр, алайда түпкілікті шешім бюджет мүмкіндігіне байланысты болады.

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі 

Елімізде электромобильдің нөмірі жасыл түсті болуы мүмкін. Жаңа жүйе биыл жазда қабылданғанымен, көлік иелері нөмірлерді бірден ала алмайды.

Жануарларға қатыгездік жасағандарға жаза күшейтіледі 

Сенат жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады.