КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰЗІРЕТІ ЖОҒАРЫ

Азаматтардың сот процесінің қатысушылары болып, сот шешімімен келіспейтін немесе шығарылған шешімді әділ емес деп санайтын жағдайлар болып тұрады. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

Апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, шешімге апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.
Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады. Қазақстанның сот жүйесі істерді қарау процесінің тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз ететін бірқатар принциптерге негізделген. Сондықтан, кінәсіздік презумпциясы Қазақстандағы сот жүйесінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Бұл қағида бойынша әрбір айыпталушының кінәсі белгіленген тәртіпте дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Әрбір Қазақстан азаматының әділ сот талқылауына құқығы бар, оған сәйкес қорғану, өз құқықтары мен айыптары туралы ақпаратқа қол жеткізу, куәлардың қатысуы мен жауап алу құқығы кіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабы үшінші тармағының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың аумағында міндетті күші бар екені және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің ережелеріне сәйкес дереу орындалуға жататыны түсіндіріледі. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау ерекше жағдайларда, қатаң түрде ҚПК-нің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға және олардың орындалуына кедергі келтірмеуге тиіс.

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...