12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяққа алданба!

Соңғы жылдары алаяқтық қылмыстары өршіп барады. Әсіресе ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы да сан соқтыратындар қарапайым халыққа қауіпті болып барады.

Көзі ашық азаматтар қаржы пирамидасының өз басшыларын жасырып, құжаттарын көрсетпейтініне, аз ақша салып көп ақша беретініне, соңынан адам ертуге міндеттейтініне күдікпен қараса керек еді. Алайда қаржылық, құқықтық сауаты төмен жандар қаржысын салатын құрылымның тарихын тексеріп, жұмысын зерделеуге уақыт кетірмейді. Көпшілігі оңай жолмен тезірек байығысы келгендіктен көзсіз ақша салып, алданғанын түсінгенде құқық қорғау орындарын жағалайды.

Ғаламтордағы онлайн бизнестің дамуы, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар қатарының көбеюі қаржы пирамидасын құрушылар белсенділігін бұрынғыдан да арттырды. Енді, тіпті, алаяқтар азаматтарды ғаламтордың ар жағында отырып басқаруға машықтанған. Жаңа технологияны әбден меңгерген қылмыскерлерді анықтау, қолға түсіру, жауаптылыққа тарту бұрынғыдан да күрделене түсті. Әсіресе, мұндай қаржы алаяқтарының әрекетін елге белгілі тұлғалар, әншілер, блогерлердің жарнамалауы «жаңа бизнеске» сенетіндер қатарын көбейткенін айта кеткен жөн. Елге белгілі танымал адамның сөзіне сеніп, сан соғып қалатындар көбейіп отыр. Сондықтан жарнама жасайтындардфң да жауапкершілігін көтеру керек.
Қоғамда үлкен талқы тудырған бұл мәселе биліктің де назарынан тыс қалмады. Соған орай қаржы пирамидасына тегеурінді тосқауыл жасайтын заңдық тетік жасау бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатта алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына қатысты бұрын ескерілмеген
мәселелерге толық құқықтық жауап берілген. Мәселен, заңда қаржы пирамидаларын жарнамалау да қылмыстық әрекет ретінде танылып отыр. Соған орай, енді «мұның пирамида екенін білмей қалдым», «Жарнама жасағаным болмаса, алаяқтыққа қатысым жоқ» деп танымал адамдардың өз әрекетін ақтап алуына жол берілмейді. Осы орайда заңда жарнама жасаушыларға қатысты жауаптылықтың белгіленуі өте орынды.

Жалпы еліміздегі алаяқтықтың алдын алуда қаржылық, құқықтық сауаттылықтың да орны бөлек. Сондықтан мемлекет тарапынан да бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...