12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстың өтеуі — жаза

Құқықтық елімізде құқықтық жүйенің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі зор. Ол – заң бұзушылықпен күресуге бағытталған құрал. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты. Қылмыстық жаза — қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

Қылмыс жасаудың да себептері әр түрлі. Біреулер қылмысты абайсызда жасаса, енді біреулері заңды білмеуден, енді бірі қасақана, тағы басқалары арақ, есірткі заттардың буынан қылмысқа барады. Жоқшылықтан қылмысқа баратын, керісінше баршылықтың, байлықтың арқасында не істерін білмей қылмысқа ұрынатындары да кездеседі. Қазіргі уақытта тағы бір назар аударатын нәрсе, жылдан-жылға қылмыс қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленіп бара жатқаны. Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау, тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың көбеюі. Қылмысқа жауап – ол жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану – қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің қажетті құралы. 

 Жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет. Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...