«Халық қаҺарманы» Ғ.Байтасов мәңгі жадымызда

    Елінің амандығын ойлаған ердің есімі мәңгі ұмытылмасы хақ.  Халқына төнген қауіптің көзін жойғанша тыным таппай, ақтық демі қалғанша адалдық пен жауапкершілік танытып, бейбітшілік пен елдегі тыныштық  үшін өз өмірлерін құрбан қылған қаншама полиция қызметкері бар.Ел арасындағы дүрбелең оқиға кезінде қайтыс болған бейбіт күннің батыры-Ғазиз Байтасов. Ғазиз Байтасов Жамбыл облысының тумасы, Тараз қаласы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі 2011 жылдың қараша айында жұмыс барысында террорист қолынан қаза тапқан.Лаңкестік оқиға кезінде 7 бірдей жан жазықсыз көз жұмған.  Елі үшін ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Ғазиз Байтасовқа, қайтыс болғаннан кейін, ҚР Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді.  Ғазиз — бұндай атақты иеленген тұңғыш полицей. Жыл сайын батырдың туған күніне орай, Жамбыл облысының Полиция департаменті түрлі іс-шаралар өткізеді.Облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында облыстық полиция департаментінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен Халық қаһарманына ескерткіш орнатылған.

     Елінің тыныштығын күзету барысында қаза тапқан батырымызды білім алушыларға үлгі болсын деген басшылық бастамасымен 2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында Ғ.Байтасов атындағы аудитория ашылған болатын. Жекелендірілген аудиторияның ашылуына  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,Алматы қалалық полиция департаментінің көмегімен Жамбыл облысының полиция департаменті бастамашы болды.Ғ.Байтасов аудиториясы- «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі», «Сот-прокурорлық-тергеулік қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша оқу сабақтарын өткізеді.БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары 4-мақсаты «сапалы білім» беру мақсатында аудитория ақпараттық-көрмелік мазмұны заманауи талаптарға сай,проектор,интерактивті тақта,көрнекі құралдармен қамтылған. Қаза болған  уақыттан бері Ғазиз Байтасовтың есімі кеңбайтақ елімізге аңыз болды,  ерліктің белгісі болып тарихқа енді.Батырлығымен  полиция қызметкерлерінің абыройын асқақтатып, тыныштық сақшыларына халық сенімін ұялатты.Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 800 ге жуық полиция қызметкері қаза тапқан.Аз ғана ғұмырында асқан ерлігімен отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік өлшемін көрсеткен батырлар ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені даусыз.  

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

 В целях поддержки аграриев 

ВОПРОС ИРРИГАЦИИ ДЛЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ, РАБОТАЮЩИХ В АГРАРНОМ СЕКТОРЕ, –...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...

Баланс и стабильность – ключевые индикаторы

Мировая финансовая система вступает в новый этап испытаний. Центральные...