Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив құрастыру зауытының жалғыз иесі атанып, акцияларын толығымен бақылайтын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Railway Supply сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы қазан-желтоқсандағы есептерге сәйкес, Wabtec ЛҚЗ акцияларының тағы 50 пайызын 81 миллион долларға сатып алды. Осыған дейін компания «Трансмашхолдинг» АҚ-мен акциялардың жартысына ие болған.

«Бұл қадам 2023 жылдың қарашасында Қазақстанда өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғаннан кейін жасалды. Осы құжаттарда көрсетілген барлық мәміле орындалған жағдайда Wabtec-тің Қазақстанға жабдықты жеткізуден түсетін пайдасы 2 миллиард доллар болады деп күтіледі», – деп жазды портал.

Өз кезегінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы ҚТЖ 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алып, локомотив паркінің 15 пайызын жаңартуды жоспарлап отыр.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.