«Әдебиет — ақиқат өмірдің сырлы суреті» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті

Мектеп – оқушы бойындағы білімнің шырағын жағатын, тәрбие мен тәлімнің бағытын табатын ыстық та, қасиетті мекен. Табалдырығын аттаған әр шәкіртін құшақ жая қарсы алып, қимастықпен шығарып салатын құтты орта. Талай ақын мен әншіні, дана мен дараны, жыршы мен ақылгөйді баптаған ортада талай шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар, қызыққа толы кездесулер өткізіліп отырады. Осы орайда № 172 мектеп – гимназиясында 05.02-09.02 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының өткізіліп,  түрлі таңқаларлық дүниелер мен тың идеялардың куәсі болдық. Соның ішінде, 9-сыныптар арасында «Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті» тақырыбындағы  интеллектуалдық сайыстың ерекшелігі айқындалды.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың  әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

«Әдебиет- сөз өнері. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі дейтін болсақ, сайысқа қатысушы әр оқушының бойына поэзияға деген ыстық ықылас пен шексіз сүйіспеншіліктің отын маздату біздер үшін жеңістің жемісі бола білді.

 «Алғырлар»,  «Ойшылдар», «Зеректер», «Білгірлер»  және «Білімділер» топтары сайысқа түсіп, жарыстың көркін қыздырды.  Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Поэзия сен менімен егіз бе едің?»  деп аталып, жырдан шашу шашылып, поэзия әлеміне қалықтап қайтсақ, 2-кезең «Әдебиет-өмір айнасы» екендігін көрсетіп, ғасырлар тоғысқан қарымды жылдарға сапар шектік.  3-кезең «Даналық ойдан дән ізде» деп аталып, қатысушылардың жүйріктігі мен зеректіктерін анықтауға тырыстық.  Әр кезең бойынша топтар өз білімдерін көрсетіп, сайысты қызықты ете білді.  Ұшқыр ой мен жан-жақты ізденімпаздық қасиеттердің қарымын байқап, сүзгіден өткіздік. Сайыстың үшінші кезеңінде топтар, үш бидің даналық сөздерінен үзіндіге табан астында көрініс қойып, актерлік шеберліктерін шыңдай түсті.

   Әр бала жарық жұлдыз болса, сол жұлдыздың жарқырап, жануына үлес қосу әр ұстаздың еңбегінің жемісі.

Бижанова Динар

Ахмет Жазира

№172 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...

Совершенствование правовых механизмов 

С момента обретения Независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

Связь времен и поколений

Алматинский городской суд ведет работу по созданию исторического музея,...