Алматының ҚАЖ Департаменті кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен бірлесіп, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Академия курсанттары Темірлан Әліпбаев пен Елдар Рахышбай ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Алматы қаласының №142 және №198 мектептерінің оқушыларына жоғары оқу орнына түсу шарттарын түсіндіріп, оқу үдерісімен бөлісті. Сонымен қатар, Қостанай академиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, қызығушылық танытқан оқушыларға арнайы брошюралар табысталды.

«Мұндай іс-шараларды кадр қызметі тұрақты негізде өткізеді. Сондай — ақ, оқушыларға ел намысын және ұлт мәртебесін көтеретін мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...