12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келесте бір күнде 14 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Келес ауданында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын жұмыс орындарына және жалпы жұмыссыздарды жолдау мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткізілді. Нәтижесінде ауданның 27 жұмыс берушілері ұсынған 52 тұрақты бос жұмыс орындарына үміткерлер жолдама алды. Маңызды шараны ұйымдастыруға мұрындық болған аудандық Мансап орталығының директоры Нұрипа Темірбаева қатысушыларға сәттілік тілеп, өткен жылғы нәтижелмен бөлісті.
– Өткен жылы Келес ауданында «Ұлттық жоба» негізінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 3 120 адам, оның ішінде 2 564 тұрақты жұмыс орнына және 556 адамды уақытша жұмысқа жолдау жоспарланып, өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде 2 811 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде нысаналы топқа жататын 72 мүгедектігі бар азамат, 34 пробация есебінен және 3 алимент алушы азаматтар бар. Ал биылғы жылға жоспарланған іс-шараларға сәйкес жастар практикасына — 620, әлеуметтік жұмыс орындарына — 400, алғашқы жұмыс орындары — 120, күміс жас жобасына — 150, қоғамдық жұмыстарға — 930, ұрпақтар келісім шартына — 3 азамат жолдау жоспарланып, жұмыстар атқарылуда, — деді Нұрипа Құралқызы.
Айта кетейік, өткен жылы Мансап орталығының ұйымдастыруымен 5 рет «Бос жұмыс орындарына» жәрмеңкелер ұйымдастырылып, жұмыссыз азаматтар мен нысаналы топқа жататын азаматтар жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Келес ауданы әкімдігінің Қаулысына сәйкес (мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) ауданның 8 жұмыс берушісіне 8 квота бекітіліп азаматтар толық жолданған.
Аталған іс-шараға Келес аудандық пробация қызметі есебіндегі он төрт сотталған тұлғалар қатыстырылып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұмыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту. Жалпы шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан он төрт соталған азамат жұмысқа орналасу үшін жолдама алды. Олар электронды үкіметтегі Enbek.kz сайты арқылы жұмыс беруші мекеменің бос жұмыс орнына өтініш қалдырады.
– Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу. Сондай-ақ, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, – деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нқрдәулет Әшірбаев.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп отыр.
– Мен Келес аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болған жоқ. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым аудандық мансап орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «Келес-Сервис» мекемесіне жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқық бұзбауға тырысамын, – деді пробация қызметінің есебінде тұрған Асан есімді азамат.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...