Қазақстанда иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылған

Қазақстанда жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді

«Ішкі істер органдарында қызметтік-іздестіру иттері із кесу, патрульдік, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бағыттары бойынша қызмет атқарады. Төрт аяқты көмекшілер қылмыстарды ашуда кеңінен қолданылады. Жақында ғана Ақтөбе облысында автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру итімен шамамен 60 кг есірткі табылып, тәркіленді. Олар қылмыскерлер мен жоғалған адамдарды, балаларды табуға көмектеседі.

Осылайша 16 қаңтарда Қарағандыда үшінші сынып оқушысы жоғалды, өзімен бірге ұялы телефоны болмаған. Алайда ит сол күні иіс іздері арқылы баланы тапты. Есірткі контрабандасының фактілерін болдырмау мақсатында меморандум шеңберінде тұрақты негізде «Қазпошта» филиалдарында пошта жөнелтімдері тексеріледі. Бұған қоса, кинолог мамандармен әуежай мен вокзалдарға, пойыздарға тексерістер жүргізіледі», -деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.