Қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің басқа да шараларын атқару мен өтеудің тәртібі мен шарттарын реттеу, сотталғандарды түзеу жолына түсіру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес және де өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында әкімшілік учаскелерде «Қорғау нұсқамасы», «ерекше талап», «алкоголик», «нашақор», «қолайсыз отбасы» санаттары бойынша есепте тұрған адамдар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп, оның ішінде олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерумен қамтылды, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы 2024 жылдың ақпан айының 12 мен 20 аралығында Медеу ауданында «Подучетный элемент» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы және Алматы Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің Медеу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация қызметі мен ішкі істер органының өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады, сонымен, 15.02.2024 жылы ҚАЖД Алматы қаласы Алматы Жетісу облыстары бойынша Медеу аудандық пробация қызметі аудандық полиция басқармасымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға профилактикалық жұмыстар мен қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейтіліп, Медеу ауданының прокуратура қызметкерлері мен аудандық ПБ ӘПБ учаскелік полиция қызметкерлері есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізді.
Жалпы, осы жоғарыда аталған жедел іс-шаралар есепте тұрған сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауына жол бермей, сотталғандарды оң жолға бағыттайды. Іс-шара барысында есепте тұрған тұлғаларға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 2 ескерту шығарылып, 1 материал сотқа жолданды.
Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметі


